Фоторепортаж: Алматыдағы Олимпиадаға дайындық орталығында қызу дайындық жүріп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері жазғы дүниежүзілік додаға 8-рет қатысқалы отыр.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Отандық спортшылар бүгінге дейін 25 спорт түрінен 80 лицензия жеңіп алды. Олардың бірқатары «Алматы» олимпиадаға дайындық орталығында шеберліктерін шыңдауда. Kazinform тілшісі айтылған орталыққа барып, төрт жылдықтың басты бәсекесіне дайындалып жатқан спортшылардың жай-күйімен танысып қайтты.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қазақстандық спортшылардың бір тобы Алматыға жақын маңда орналасқан жаңа Олимпиадаға дайындық орталығында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Мұнда олар үшін барлық жағдай жасалған – қажетті жабдықтар мен инфрақұрылым, қонақ үй, медициналық орталық бар. Қазіргі уақытта орталықта дзюдошылар, балуандар, жеңіл атлеттер және мергендер дайындықтан өтуде.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Дзюдо

Парижге толық құрамда аттанатын боксшылардан кейін жолдама саны бойынша екінші тұрған – татами шеберлері. Бұл спорт түрінен 8 дзюдошы: ерлер 5 салмақта, ал әйелдер 3 салмақта ел намысын қорғайды. Олар: Абиба Әбужақынова, Эсмигул Куюлова, Камила Берліқаш, Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. 1-6 шілде аралығында біз Испанияда оқу-жаттығу өткіздік. Қайтып келгеннен кейін бірден осы орталыққа келдік. Бұл біздің Олимпиада алдындағы соңғы дайындығымыз. Тәлімгерлеріміз бірнеше жылдан бері осы додаға дайындалып келеді. Мен олардың жүлделі орындарға ие болатынына сенемін, оған өздері де ынталы. Ең бастысы, олар өздеріне сенімді болса, бәрі ойдағыдай болады, - деді Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шарханның жеке жаттықтырушысы Қален Қалиұлы.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Дзюдошылар Алматыда 17 шілдеге дейін оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, содан кейін Францияға аттанады. Отандастарымыз алдымен, 1 аптадай Мезе қаласында болады. Еуропаның ауа-райы мен уақытына бейімделген соң Парижге жол тартады.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

24 жастағы Абылайхан Жұбаназар биыл өз мансабындағы алғашқы Олимпиадаға барады. Ол 12 жасында қазақша күреспен шұғылдана бастаған. Аз уақытта шыңдалып шыққан жас спортшы Қален Қалиұлының көзіне түсіп, оның шақыруымен 5 жылдан кейін дзюдоға ауысқан. Дзюдошы қазіргі уақытта Олимпиада чемпионы болуды армандайды.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Көңіл-күй керемет. Осы күндері біз қызу дайындықтан өтіп жатырмыз. Бәрі жоспар бойынша жүруде. Қазір мен артық ештеңені ойламауға тырысамын. Ешқандай стресс жоқ, психологиялық тұрғыдан дайынмын. Бұған дейін лицензия алу деген бірінші тапсырманы орындадым. Енді Олимпиада жеңімпазы атануға тырысамын. Мен жай ғана қатысушы болғым келмейді, алтын медаль жеңіп алып, тарихта өз атымды қалдырғым келеді. Әрине, бұл оңай болмайды, барлық қарсыластар мықты. Дзюдо жыл сайын дамып келеді және бәсекелестік деңгейі айтарлықтай өсті. Бірақ мен бар күшімді саламын және өзіме сенемін, – деді ол.

Алдағы Олимпида ойындарында 100 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Нұрлыхан Шархан да төрт жылдықтың басты додасына арналған дайындық жақсы өтіп жатқанын айтады. 24 жастағы дзюдошы спортпен 10 жасында Қызылорда қаласында айналыса бастаған.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Үш жылға жуық ұлттық құрама сапында Олимпиадаға дайындалдым және көптеген жарыстарға қатысып, өз рейтингімді көтердім. Қазір жүлделі орынға ие болу үшін күнделікті дайындалып жатырмыз. Қарсыластар мықты. Барлығы медаль алғысы келетіні түсінікті, бірақ бұл жерде «бақ шаба ма, бап шаба ма» дегендей сәттілік те рөл ойнайды. Мен үшін Олимпиада – олимп шыңы. Бала кезімнен чемпион болуды армандадым, енді өзімді көрсететін уақыты келді, – дейді Нұрлыхан Шархан.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Талас пен тартысқа, бәсеге толы жарыстарға дайындық барысында бүгінгі спортшылардың психологпен жұмыс істеуі – әлемдік тәжірибе. Сондықтан өткен жылдан бастап Қазақстан дзюдо федерациясы психолог Ғалия Нұрбековамен біріге жұмыс істей бастады.

Маманның айтуынша, өткен жылы спортшылармен ауқымды жұмыс атқарылған. Олар АҚШ, Ресей және Еуропа елдерінде қолданылатын технологияларды қолдана бастады. Атап айтқанда, НЛБ (нейролингвистикалық бағдарламалау) коучингі қолданылады, бұл – табысқа жетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі жетілдіру әдісі.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Мен үнемі дзюдошылардың жаттығуларына қатысып, олардың іс-қимылдарын мұқият қадағалаймын. Кейін жеке жұмыс сессиясын өткіземін. Олардың іс-қимылынан қандай ішкі қақтығыстар болып жатқанын түсінуге болады. Дзюдо – ауыр спорт түрі. Мұнда жарыстар жиі өтеді, олар үнемі өзінің үздік екенін дәлелдеумен жүреді, ал бұл ұзақ мерзімді стресс. Мұндай стрессті тек іштей мықты адамдар ғана жеңе алады. Қазір біздің басты міндетіміз – Олимпиада алдында шамадан тыс стресс пен қобалжуды болдырмау. Сондықтан біздің жаттығуларымыз спортшыларымыздың көңіл-күйін көтеру үшін музыканың сүйемелдеуімен өтеді, – деді психолог.
Олимпиада кезінде татами шеберлері 27 шілде мен 3 тамыз аралығында бақ сынайды.

Оқ ату

Оқ атудан қазақстандық мергендер Олимпиаданың алты лицензиясын жеңіп алды. Бұл еліміз үшін жаңа рекорд, бұған дейін мергендер 5 лицензия ала алған. Барлық алты спортшы төрт жылдықтың басты бәсекесінде бірінші рет өнер көрсетеді. Олар: Ислам Сәтбаев, Никита Чирюкин, Константин Малиновский, Александра Ле, Ирина Юнусметова, Арина Алтухова.

 Олимпийская деревня, Алматинская область Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Оқ атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ольга Довгун әлемдік жарыс алдында команданың дайындығы туралы айтып берді. Оның айтуынша, спортшылар 22 шілдеге дейін оқу-жаттығуда болады да, әрі қарай Франция астанасына жол тартады.

- Жалпы, дайындық барысы өте жақсы. Мен жаттықтырушы ретінде олардан жақсы нәтиже күтемін. Біз кемінде финалға шығуды мақсат тұтамыз. Әрине, ештеңені болжағым келмейді. Үш жыл бойы біз олармен көп жұмыс жасадық, бұл біздің жасарған командамыз. Барлығы чемпион болуға ұмтылады, олардың нақты мақсаттары бар. Сондықтан біз оларға үміт артамыз және сенеміз», – деді Ольга Довгун.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сондай-ақ құраманың бас бапкері біздің мергендер үшін Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Жапония, Германия, Англия және басқа да елдердің өкілдері басты бәсекелес екенін атап өтті.
Жеңіл атлетика

Париж төрінде 7 жерлесіміз жеңіл атлетикадан жүлдеге таласады. Жеңіл атлетикада жолдама алудың екі жолы бар: бірі – іріктеу нормативін орындау, екіншісі – рейтинг арқылы өту. Жанна Мамажанова мен Нора Джеруто іріктеу нормативін орындап, лицензия алды. Ал Давид Ефремов, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Ольга Сафронова, Дейзи Джепкемей рейтинг арқылы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Сондықтан жақсы көңіл-күйдемін, бірақ үлкен жауапкершілікті сезінемін. Өкінішке қарай, өткен Олимпиадаға лицензия ұтып ала алмадым. Енді жақсы нәтиже көрсетуге дайынмын. Мен медаль алғым келеді. Ол жерге міндетті түрде мықты спортшылар барады, барлығы жеңіске жеткісі келеді, бірақ мен бар күшімді саламын», – деп атап өтті Давид Ефремов.

Айта кетейік, жеңіл атлеттердің оқу-жаттығу жиындары 29 шілдеге дейін жалғасады. Содан кейін спортшылар Парижге аттанады.

Олимпиадаға дайындық орталығы

Алматы маңындағы Олимпиадаға дайындық орталығы биыл ақпан айында ашылды. Мұнда спорттың 23 түрі – жеңіл атлетика, ауыр атлетика, волейбол, баскетбол, гандбол, шағын футбол, хоккей, конькимен жүгіру, спорттық және көркем гимнастика, садақ ату, су спорты, бокс, жекпе-жек өнері, күрестің барлық түрлері бойынша сапалы дайындықтан өтуге барлық жағдай жасалған. Спорт орталығында бір мезетте 2300 спортшы емін-еркін жаттығу жасай алады. Орталықтың жалпы ауданы – 40 гектар болса, ғимараттардың жалпы көлемі – 130 881,45 шаршы метрге жетеді. Орталықтағы қонақ үйдің 209 бөлмесі 409 адамды қабылдай алады. Сондай-ақ стадион сыйымдылығы 6246 көрерменге дейін жетеді.

 Олимпийская деревня, Алматинская область
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Еске салайық, бұған дейін төрт жылдық додаға ең көп жолдаманы Қазақстанның қай өңірі жеңіп алғанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақ спортшылары Олимпиадада қандай спорт түрлерінен сынға түсетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар