Франция мемлекеттік қызметшілерге арналған мессенджерін әзірледі

АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Франция үкіметінің барлық министрлігі Tchap қауіпсіз мемлекеттік жедел хабар алмасу қызметін пайдалануға міндетті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Франция мемлекеттік қызметшілерге арналған мессенджерін әзірледі
Фото: Anadolu

— Бұл қауіпсіздік пен егемендіктің императиві, — деп жазды Le Figaro

Tchap қызметінің атауы — бірінші оптикалық байланыс әдістерінің бірін ойлап тапқан 18 ғасырдағы француз инженері Клод Шаппаға құрмет көрсету.

Осы дүйсенбіден бастап барлық француз мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік департаменттері кәсіби хат алмасу үшін қауіпсіз Tchap жедел хабар алмасу қызметін пайдалануға міндетті.

Осылайша, WhatsApp, Signal және Telegram рұқсат етілген қызмет тізімінен шығарылған.

— Жалпы жұртшылыққа бағытталған жедел хабар алмасудың негізгі қосымшалары біздің күнделікті коммуникацияларымызда барған сайын маңызды рөл атқарып отыр. Алайда бұл цифрлық құралдардың қауіпсіздік кемшіліктері жоқ емес, — делінген премьер-министр Франсуа Байрудың жаздың ортасында қол қойған циркулярында.

Бұл мәтін барлық мемлекеттік қызметкерден, соның ішінде министрлік кеңселерінің қызметкерлерінен Ведомствоаралық цифрлық басқармасы (DINUM) әзірлеген Tchap қосымшасын орнатуын талап етті.

Бұған дейін Мәскеудегі барлық мектеп МАХ мессенджеріне көшірілетінін жазған болатынбыз

Ал елімізде Aitu мессенджерін ай сайын 500 мыңға жуық адам пайдаланатынын жазғанбыз. Ұлттық мессенджердің жаңа мүмкіндіктері туралы мына материалдан оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар