Индонезия жағалауында 5 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Индонезия жағалауында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТАСС агенттігі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Жер сілкінісі
Фото: БЕЛТА

Орталық деректеріне сәйкес, сілкініс эпицентрі Кедири қаласынан 142 шақырым оңтүстікте орналасқан, бұл қалада 235 мың адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 66 шақырым тереңдікте болған.

Үйлер мен ғимараттардың қирап, адамдардың зардап шеккені туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі жарияланбаған.

Айта кетейік, бұған дейін Бангладештегі жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 10-ға жуықтағанын жаздық.

Ал Ауғанстанда 6,3 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты. Осы жағдайға байланысты еліміз Ауғанстанға гуманитарлық миссия жіберетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар