Иранда үкіметтік ғимараттар өртке оранды — наразылық жалғасып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерде жарияланған және тәуелсіз деректермен расталған кадрлар Кередж қаласындаы үкіметтік ғимараттың өртеніп жатқанын көрсетеді. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Иран
Фото: Видеодан алынған кадр

Кереджден түскен кадрларда жұма күні кешке үкіметтік ғимараттың өртеніп жатқанын көруге болады, ал бүкіл Иран бойынша антитеррористік наразылықтар жалғасып жатыр.

Сонымен қатар кейбір кадрларда наразылар Тегерандағы үкіметтік ғимараттарды өртеп жатқаны анық көрінеді.

Наразылықтар әлі де елдің көптеген қаласында болып жатыр. Оларға Иран валютасының құнсыздануы мен тұрмыс деңгейінің өсуі себеп болды. Құқық қорғау ұйымдарының хабарлауынша, күрес елдегі барлық 31 провинцияны қамтыған.

АҚШ-тағы Human Rights Activists News Agency агенттігінің мәліметі бойынша, наразылықтар барысында кем дегенде 65 адам қаза тапқан, ал ұсталғандардың саны 2 300-ден асады.

Айта кетейік, бұған дейін Иран 12 сағат бойы интернетсіз қалған еді. 

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иран үкіметіне қарсы үш жыл ішіндегі ең ірі жаппай наразылық акцияларына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Иран бостандыққа ұмтылып жатыр. Сондай-ақ Трамп АҚШ көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар