Италия премьері Қазақстанға ресми сапармен келді
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониді елорда әуежайынан қарсы алды, — делінген хабарламада.



Еске салсақ, қаңтар айында Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездескен еді. Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.
Кейіннен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетіні анықталды.
Алайда сәуірде Италия премьер-министрінің Қазақстанға жоспарланған сапары кейінге шегерілді. Оған себеп Италия Үкіметінің басшысы Джорджа Мелони Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысатын болды.
Жақында елордада өткен «Италия — Қазақстан» іскерлік форумында екі елдің ұйымдары жалпы сомасы 180 миллион еуро болатын 10 меморандумға қол қойды.