Қанат Бозымбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM –  Қанат Бозымбаев АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдумда өз таңдауын жасады. 

Қанат Бозымбаев
Фото: Kazinform

Премьер-Министрдің орынбасары Алматыдағы №388 сайлау учаскесіне барды. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумда дауыс бергенін жазған болатынбыз. 

БАҚ өкілдерімен шағын сұхаты барысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысына баға берді

Сондай-ақ тілшілер сұрағына орай, ұстаздардың қоғамдық мәртебесі міндетті түрде көтерілетінін айтты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин АЭС салуға қатысы референдумда елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады. 

Үкімет басшысы өз таңдауын жасады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев АЭС салуға қатысты референдумда елордадағы №164 учаскеде дауыс берді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордадағы №163 референдум учаскесінде дауыс берді.

Еске салсақ, Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті.