22:24, 31 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Қанша қазақстандықтың есімі Жаңажыл, Шырша
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда Жаңажыл есімді 13 адам тұрады.

Тағы 12 адамның есімі Сыйлық, біреуі — Шырша. Мерекелік есімдер Жаңа жыл қарсаңында көпшіліктің назарына ілікті.
Ал 2024 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жаңа туған нәрестелер арасында ең көп қойылатын есімдердің алғашқы үштігіне мыналар кіреді: ұлдарға — Әлихан, Мұхаммед және Арсен, ал қыздарға — Айлин, Айша және Медина.
2024 жылғы танымал есімдер:
Ұлдар: 3616 балаға Мұхаммед, 2708-ге Әлихан, 1356-ға Арсен есімдері қойылды.
Қыздар: 5547 қызға Айлин, 5389 қызға Мәдина, 4472 қызға Айша есімі берілді.
Осыған дейін Азамат пен Аружан есімдері ең көп тарағанын жазған болатынбыз.