Қарағанды облысында ауыл медицинасының даму әлеуеті қандай

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысындағы ауылдарда 14 жаңа медициналық нысан ашылды. Бұл туралы өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

Медициналық орталық
Фото: Медициналық орталық

«Президент медициналық қызмет көрсету сапасын арттырып, әр науқасқа ерекше көңіл бөліп, денсаулық сақтау жүйесін қайта құру міндетін қойды, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. — Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 27 медициналық нысан ашылады. Ал келесі жылы 51 денсаулық сақтау мекемесі бой көтереді. Теміртау мен Балқаш қалаларындағы екі аурухана қайта жаңғыртылғаннан кейін ауданаралық ауруханаға айналады. Бұл облыс тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді болады деген сөз».

Облыс басшысының айтуынша, аймақта білікті медициналық кадрларға қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы екі жылда 236 медицина қызметкері баспаналы болды. Мемлекет тарапынан берілген жәрдемақы көмегінің мөлшері 1,5 миллионнан 8,5 миллион теңгеге дейін артты. Бүгінде 63 маманға қолдау көрсетілді. Жыл соңына дейін тағы 20 медицина қызметкеріне көмек көрсету жоспарланып отыр.

Пульмонология, комбустиология және кардиологияға арналған құрал жабдықтар сатып алуды «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырады.

Айта кетейік, Қарағанды облысы елдің жұмысшы мамандықтар дайындау орталығына айналмақ.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында 1 мың шақырымнан астам жол жөнделгені хабарланды.

Одан бөлек, облыс әкімі Саранда жаңадан салынған жылу қазандығы неге толық жұмыс істемей тұрғанын түсіндірген еді. 

Соңғы жаңалықтар