08:23, 06 Қараша 2024 | GMT +5
Қарағандыда мұнара краны өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — Қарағандыда ТЖМ қызметкерлері мұнара кранының өртін сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгін таңертең Крылов көшесінде жаңа ғимараттың аумағында, 6-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы жанды. Өрт алаңы 4 шаршы метрді құрады.
— Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін, Оралда дүкен өртеніп, 20 адам эвакуацияланғаны анықталды.
Сондай-ақ, Алматы маңындағы жиһаз цехында өрт шыққанын хабарлағанбыз.
Бұдан бөлек, Атырауда итті ұрып, өртеп өлтірген екі адамның бас бостандығы 6 айға шектелгені белгілі болды.