Қасым-Жомарт Тоқаев Физули қаласына барды

БАКУ.KAZINFORM – Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Президент
Фото: Ақорда

Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады.

Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті «Загульбада» қарсы алды. 

Екі елдің өзара қарым-қатынасы және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапарынан не күтуге болатынын тілшінің шолуынан оқи аласыз. 

 

Соңғы жаңалықтар