Кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған ақтөбелік күдіктілер ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Полиция қызметі кәсіпкердің үйіне барып, оны далаға алып шыққан екі күдіктіні ұстады. Қарақшылар қорқытып алған 14 миллион теңгенің бір бөлігін жұмсап жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 22 шілде күні болған. Сол күні ЖШС өкілінің үйіне бетпердемен кірген екі адам оны қорқытып, қару тәрізді зат тақаған. Кейін Богословка тас жолының бойындағы орман алқабына апарып, 14,5 миллион теңге ақшасын алып кетті.

«Ақша қолға түскен бойда екі күдікті көлікпен кетіп қалған. Осы оқиға бойынша қолға түсіру жоспары жасалды. Алайда күдіктілерді ұстау мүмкін болмады. Бірер күн бұрын криминалдық полиция қызметі жедел іздеу жұмыстарын жүргізіп, Ақтөбе қаласының екі тұрғынын ұстады. Күдіктідер ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген екен», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар