Каспий теңізінде жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Каспий теңізінде 5,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. 

Каспий теңізінде жер сілкінді
Фото: Анадолы

Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстан Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, 2026 жылғы 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 14:05–те Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісі болған.

Жер сілкінісінің магнитудасы — 5,4, энергетикалық класы K=13, тереңдігі — 64 км.

Ресейдің сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, дүмпулер Әзербайжанның кейбір өңірлерінде 3–4 балл деңгейінде сезілген.

Айта кетелік Жетісу облысында жер сілкінген еді

Соңғы жаңалықтар