10:02, 01 Маусым 2022 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестиваліне қатысады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өтетін «Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестиваліне қатысады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен жүр. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында бірқатар кездесу өткізді.