Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапарынан бейнеролик жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің Әзербайжан Республикасына ресми сапары бойынша қорытынды бейнеролик жарияланды.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барып, Ильхам Әлиевпен кездесті.

Сондай-ақ Президент Әзербайжан басшысымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, екі ел арасында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келіссөз қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, мәлімдеме жасады.

Кешкісін Қазақстан Президентінің Әзербайжанға ресми сапары аяқталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram