Қаулы қайта өзгерді: Ақтөбеде оқушылар онлайн білім алады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қаулыны қайта өзгертті. Енді оқушылардың басым бөлігі онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін түске дейін Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева «300 оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа көшеді, ал оқушы саны одан көп болса, аралас формат таңдалды» деп хабарлаған еді. Кешкісін қаулы қайта өзгерді.

«Оқушы саны 300-ден аспайтын мектепте оқу дәстүрлі түрде жүргізіледі. Мұндай 246 мектеп бар. Бұл шалғайдағы ауыл мектептері. Ал оқушы саны 300-ден асатын 170-тен астам мектепте оқу онлайн өтеді. Тек 9 және 11 сынып оқушылары мектепке барады. Олар пәндердің 70 пайызын мектепте оқыса, өзгесі онлайн ұйымдастырылады», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Ерекше білім беруге арналған интернат, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта дәстүрлі формат сақталады.


Соңғы жаңалықтар