13:31, 30 Маусым 2025 | GMT +5
Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов жастарға үндеу жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Мұхит Тұрсынов "Заң мен Тәртіп" қағидаттарын насихаттау мақсатында "Өзіңнен баста" ұранымен жастарға арнайы үндеу жасады.

Спорт шебері жастарды заңға құрметпен қарап, тәртіпті болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
— Мен үшін спорт — тәртіп пен жауапкершілік мектебі. Күн сайынғы жаттығу, ережеге бағыну, қиындықтарға мойымау және әділ жолмен жеңіске жету – бұл тек спорт қағидалары емес, бұл — заң мен тәртіпке деген құрмет. Бауыржан атамыз айтқандай, тәртіпке бағынған құл болмайды. Әрқайсымыз заңды сыйласақ — болашағымыз берік болады, — деді Мұхит Тұрсынов.
Спортшының бұл үндеуі — қоғамдағы тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Айта кетейік, Президент елдегі заң мен тәртіпке қатысты маңызды үндеу жасады.