Трамп: Қазақстан — менің екінші мерзімімде Ибраһим келісіміне қосылған бірінші ел

АСТАНА. KAZINFORM —  АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуын әлем елдері арасында алтын көпір орнатудағы маңызды қадам деп бағалады.

Трамп
Фото: Wikimedia

 — Қазір ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлестім. Қазақстан менің екінші мерзімімде Ибраһим келісіміне қосылған бірінші елге айналды және бұл басы ғана. Бұл — бүкіл әлем бойынша алтын көпір орнатудағы алғашқы үлкен қадам. Бүгінде көптеген ел менің Авраам келісімім арқылы бейбітшілік пен өркендеуді қабылдауға ниет танытып отыр. Таяу уақытта мұны ресми жасау үшін қол қою рәсімі жайын жария етеміз және де көптеген ел осынау күш клубына қосылуға тырысып жатыр. Елдерді тұрақтылық пен өсім — нағыз прогресс, шынайы нәтиже үшін біріктіруде әлі де көп дүние істеу қажет, — деп жазды АҚШ Президенті.

Трамп
Фото: Скрин

 Бұған дейін Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылатынын хабарлаған едік

 Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйге барғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар