19:04, 21 Қараша 2025 | GMT +5
Қазақстан әйелдер құрамасы Ислам ойындарында күміс медальға ие болды
АСТАНА. KAZINFORM – Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) гандболдан әйелдер арасында финалдық бәсеке өтті.
Шешуші матчта Қазақстан мен Түркия құрамалары кездесті. Ойын тартысқа толы болды.
ҚР ҰОК мәліметінше, нәтижесінде Түркия құрамасы 34:31 есебімен жеңіске жетті. Ал Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын күміс медальмен аяқтады.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды.
Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионын айқын басымдықпен жеңді.
Ажар Салықова Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі.