«Қазақстан Барысы – 2025»: ширек финалда күресетін балуандар белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің ширек финалына жолдама алған балуандар анықталды.
Үшінші айналымда бозкілемдегі тартыс қыза түсті. 16 балуан келесі айналым үшін барын салып, жеңімпаздар анықталды.
1/8 финалына жолдама алған балуандар:
1. Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы)
2. Нұрсұлтан Қожагелдіұды (Шымкент қаласы)
3. Әділ Оразбаев (Әскер барысы)
4. Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы)
5. Марат Байқамуров (Әскер барысы)
6. Бейбарыс Әбдіғани (Түркістан облысы)
7. Ерасыл Амангелді (Ақтөбе облысы)
8. Ерқанат Молдағұлов (Қарағанды облысы)
Айта кетерлігі, 2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев үшінші белдесуінде қарысасын қапы қалдырып, ширек финалда Шымкент қаласының өкілі Нұрсұлтан Қожагелдіұлымен жартылай финал үшін белдеседі.
Ал биылғы турнирді басты фавариттерінің бірі Нұрдәулет Жарылғаповте үшінші айналымға сұрінбей жетті, оның келесі қарсыласы әскер барысы Әділ Оразбаев.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғапов таразыда 167 келі көрсетіп, турнирдегі салмағы ең ауыр балуан атанған болатын.
Сонымен қатар Нұрдәулет Kazinform тілшісіне сұхбат беріп, биылғы додадағы басты мақсатымен бөлісті.