Қазақстан Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын табыстады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Елшісі Дәулет Батырашев Черногория Президенті Яков Милатовичке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Сенім грамоталарын қабылдай отырып, Черногория басшысы Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы елдің маңызды серіктесі деп атап өтті.

«Рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында тараптар екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастың достық сипатын және тараптардың өзара іс-қимылдың барлық спектрінде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысын ерекше айтты», делінген хабарламада.

Саяси ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау аясында Я.Милатович келесі жылы Астанаға ресми сапармен баруға ниетін білдірді.

Сондай-ақ Черногория Президенті 2023 жылы және биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиялары барысындағы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесулері туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, Қазақстан халқына және Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді.

Қазақ дипломаты сұхбаттасына Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтары, соның ішінде Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Еске сала кетсек, Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің Ресми өкілі қызметінен кетті. Тілшіміз оның ресми өкіл қызметінде қандай оқиғалармен есте қалғанын шолып шықты.

Соңғы жаңалықтар