Қазақстан кубогында «Ордабасы» «Қызылжарды» жеңіп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы ширек финалының алғашқы кездесуінде «Ордабасы» жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкенттік клуб жарыстың аталған сатысында Петропавлдың «Қызылжар» клубымен шеберлік байқасты.



Биыл ел біріншілігінде екі команда да турнир кестесінде алдыңғы орындарда келеді. Сол себепті жанкүйерлер бұл кездесуде тартысты ойын болатынынан үлкен үміт күтті.

Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде «Ордабасы» сапынан Владислав Садовский 74, Асхат Тағыберген 77-минутта мергендік танытты.

Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Қарымта ойындар 7 маусымға белгіленген. Жартылай финал 28 маусым мен 8 шілдеде ойналады. Финал 4 қарашаға белгіленген.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» елордада «Тұраннан» басым түсті.
Сондай-ақ, «Қайрат» пен «Атырау» тең ойнаса, «Тобыл» Қарағандының «Шахтерін» жеңіп кетті.




















