Қазақстан мен Стати тараптары арасындағы дау реттелді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Стати тараптары, Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен, Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтады. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

Қол қойылған Түпкілікті реттеу туралы келісім барлық ағымдағы дауларды тоқтату үшін негіз болып саналады және болашақта тараптар оларды қайта бастай алмайды. Келісімнің нақты шарттары құпия болып қалады.
– Бұл реттеу және барлық тараптар үшін әділ шешу жолын іздеу мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған тәсіл, бұл ел инвестордың құқықтары сақталатын орын болып табылатынын атап көрсетеді. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы түсінігін өзгертудегі көшбасшылығы үшін алғыс айтамыз. Біз болашақта жаңа жобалармен жұмыс істеуді асыға күтеміз, - деді CEO Argentem Creek Partners бас директоры Дэниел Чапман.
Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып табылатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы.
– Ұзақ дау аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы дамыту үшін, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы, қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Бұл ретте, мен бұрын атап өткендей, республикалық бюджеттен реттеу шеңберінде қаражат пайдаланылмады, - деді Қазақстан Әділет министрі Азамат Есқараев.
Назарларыңызға Стати ісіне қатысты материалдардың хоронологиясын ұсынамыз.
«Самұрық-Қазына» акцияларына уақытша тыйым салу ұйғарымы қайта қаралатын болды.
Америкалық қор Қазақстанның талабына қосылды.
Әділет министрлігі мен Қазақстан Ұлттық банкі Англияда Стати ісінде жеңіске жетті. 2020 жылғы 18 желтоқсанда Нидерланд Жоғарғы соты «Самұрық-Қазына» АҚ Нидерландыдағы активтеріне тыйым салуға қатысты жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде Амстердам Апелляциялық сотының шешімінің күшін жойды. Жоғарғы сот өз шешімін Біріккен Ұлттар Ұйымының мемлекеттердің юрисдикциялық иммунитеттері және олардың меншігі туралы конвенциясына сүйене отырып шығарды. Сондай-ақ, сот «Самұрық-Қазына» активтерінің егемендік иммунитеті жоққа шығарылмады деп тапты.
KMG Kashagan B. V-ның 5,2 млрд доллар болатын акциясы бұғаттан шығарылды. 8 ақпанда Амстердам аудандық соты кәсіпкерлер Анатолий мен Габриэль Статидің және олардың компанияларының («Стати») «Самұрық-Қазынаға» қарсы шағымдары негізсіз деп шешті. Сот Статиге «Самұрық-Қазына» мен Қазақстан Республикасы шеккен сот шығынын төлеуге міндеттеді.
Амстердам соты Стати ісіне қатысты шешімді Қазақстанның пайдасына шешті.
Бұрынғы ҚР Әділет министрі Қанат Мусинді сөзге тартып, осы жайтқа және жаңарған Конституциядан кейін заңнамаларға енгізілетін өгертістерге, Жолдаудағы бастамаларға қатысты сұхбат алған едік.
Швецияның Жоғарғы соты Ұлттық банктің апелляция беру құқығын қабылдамады.
Әділет министрлігі Стати ісіне қатысты тәсілін өзгертті.
Стати ісі: Дауға нүкте қойылды.