Қазақстан тарихының жаңа көптомдығына толықтырулар енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан тарихының көптомдық академиялық басылымының жұмыс нұсқасы сарапшылар мен журналистердің талқылауына ұсынылды. Ерлан Қарин том жетекшілерімен кездесіп, айтылған ұсыныстар мен түзетулерді басылымға енгізу мәселесін талқылады. Вице-президент бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Қазақстан тарихының жаңа көптомдығына толықтырулар енгізіледі
Видеодан алынған скрин

— Өткен сенбі, жексенбі күндері тарихқа қызығушылық танытататын сарапшылар мен журналистерді Қазақстан тарихы көптомдығының жұмыс нұсқасымен таныстырған едік. Олардың тарапынан академиялық басылымға қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Бүгін том жетекшілерімен кездесіп, екі күндік жиында көтерілген толықтырулар мен түзетулерді ескеріп, енгізу жайын талқыладық, — деп жазды Ерлан Қарин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Вице-президенттің бастамасымен әзірленіп жатқан Қазақстан тарихының көптомдығы сарапшылар мен журналистердің талқылауына ұсынылған еді. 

Вице-президент бұған дейін академиялық еңбектің терминологиясын біріздендіру, тарихи материалдар мен иллюстрацияларды жүйелеу, мәтіндерді редакциялау және беттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Академиялық еңбектегі терминологияны біріздендіру, тарихи материалдар мен иллюстрацияларды жүйелеу, мәтіндерді редакциялау, беттеу және басқа да баспа алдындағы жұмыстар атқарылып жатқаны хабарланған.