Қазақстан Түркияға тағы 100 киіз үй жібереді
«Қазақстандық еріктілер тарапынан ұсынылған 100-ге жуық дәстүрлі қазақ киіз үйі Кахраманмарашта орнатылды. Сол жердегі халық сіздердің қолдауларыңызды сезініп жатыр. Онда Қазақстанның Туы көрініп тұр. Алматыдан тағы 100 киіз үйді Түркияға жіберу бойынша жұмыстар жалғасуда», - деп мәлім етті Уфук Экиджи Астанада өткен .
Ол Қазақстан екі жыл бұрын Түркияда болған алапат орман өрті кезінде де қолдау көрсеткенін еске салды.
«Қазақстан бүгінгі еліміз үшін қиын күнінде қасымыздан табылды. Біз бауырларымыз көрсеткен бұл ынтымақтастықты, жанкештілікті ұмытпаймыз», - деп ризашылық білдірді ол.
Сондай-ақ дипломат брифинг барысында зардап шеккендерге көмек ретінде қазақстандықтар 5 млн доллар жинағанын айтып, алғыс білдірді. Ал Қазақстан Үкіметі бауырлас елге 1 млн доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.
Бұған қоса, Қазақстаннан алдағы уақытта Түркияға тағы екі ұшақ гуманитарлық көмек жеткізілетін болады.