Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

погода, снег, қар, ауа райы
Фото: Александр Павский / Kazinform

— 2025 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан аумағында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, синоптиктер алдағы күндері ауа райы күрт суытатынын хабарлады. 

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін аяз болады.

Соңғы жаңалықтар