Қазақстанда лизинг ассоциациясы құрылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде лизинг ассоциациясы жұмысын бастады.

Қазақстанда лизинг нарығының көлемі 2,7 трлн теңгеге жетті
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бүгін елордада «Қазлизинг – 2025: өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті қаржыландыру көзі ретінде Қазақстанда лизингті дамыту перспективалары» атты алғаш конференциясы өтті. 

Қазақстанда лизинг ассоциациясы құрылды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Аталған шара аясында бірқатар компания басшысы лизинг ассоциациясын құру туралы меморандумға қол қойды. Оның қатарында «Кәсіпкерлікті дамыту» АҚ, «Қазмектеп» АҚ, «Астана-Моторс финанс» ЖШС, «Капитал лизинг групп» АҚ, «Форта лизинг» АҚ, «Халық лизинг» АҚ, «Allur Finance» ЖШС бар. 

Қазақстанда лизинг нарығының көлемі 2,7 трлн теңгеге жетті
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Конференцияға Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов қатысты. Одан бөлек еліміздің түкпір-түкпірінен келген сала мамандары мен лизингтік компаниялар өкілдері болды. 

Қазақстанда лизинг нарығының көлемі 2,7 трлн теңгеге жетті
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Қазақстанда лизинг ассоциациясы құрылды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Еске салайық, жыл басында Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалар үшін лизинг енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті.

Сондай-ақ лизингке техника алатын шаруалардың алғашқы жарнасын мемлекет субсидиялайтыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар