Қазақстандағы екінші АЭС Алматы облысында салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Тиісті қаулыға 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

АЭС
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— «Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын салу туралы және ядролық қондырғы салынатын аумақ ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын айқындау жөнінде шешім қабылдансын, — делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, 2025 жылғы тамызда Алматы облысындағы Үлкен ауылы маңында Қазақстан тарихындағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми түрде басталған болатын.

Кейіннен Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды.

Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі тұңғыш атом электр стансасына «Балқаштан» басқа тағы қандай атаулар ұсынылғанын айтты.

Сонымен қатар АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылатыны анықталды.

Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс аумағындағы алғашқы АЭС маңындағы жергілікті халыққа экологиялық өтемақы төлеу туралы сұрақтарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар