Қазақстандық Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингіде 16 сатыға жоғарылады

АСТАНА. KAZINFORM – Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде қазақстандықтардың орны белгілі болды.

 Дмитрий Попко
Фото: пресс-служба Федерации тенниса Казахстана. 

Сербиялық Новак Джокович бұрынғыша көш бастаса, испаниялық Карлос Алькарас екінші, италиялық Янник Синнер үшінші орында қалды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 21-ден 23-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 45-тен 47-ге, Михаил Кукушкин 163-тен 165-ке сырғыды. Денис Евсеев 179-да қалса, Бейбіт Жұқаев 192-ден 190-ға көтерілді.

Рейтингіде өз көрсеткішін күрт жақсартқан АҚШ-тағы қатарынан үш турнирде жеңімпаз атанған Дмитрий Попко болды. Ол 325-тен бірден 16 сатыға жоғарылап, 309-орынға орнықты. Ол ТОП-300-ге енуге жақын тұр.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 51-ден 49-ға, Андрей Голубев 74-тен 70-ке шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде төртінші орнын сақтап қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды.

 

Соңғы жаңалықтар