Қазақстандық теннисші Мадрид турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге ширек финалда уругвайлық Мартин Куэвас – аргентиналық Гильермо Дюранмен кездесті.
Қазақстандық-түркиялық жұп 7:6 (7:2), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Д.Евсеев пен А.Челикбилек 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді. Қарсыластары 5 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Қазақстандық-түркиялық жұп финалға шығу үшін жарыстың екінші ракеткалары, бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Германияның бірінші ракеткасы Қазақстанмен матчтың қиынға түсетіні туралы айтқанын, Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстан – Германия матчының жеребесі тартылды.
Қазақстан құрамасы алғаш рет аймақтық Дэвис кубогының жартылай финалына шықты.