Қазақстанның 11 өңірінде жылыту маусымы басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің 11 өңірінде жылыту маусымы басталды. 1 қарашаға дейін қалған өңірлерде жылумен жабдықтауды бастау жоспарланған.

жылыту маусымы
Фото: БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысында баяндады.

— Үкіметтің соңғы отырысынан бастап 1 энергия блогы, 10 қазандық және 12 турбина жөнделді. Сондай-ақ 29 шақырым жылу желілерінде, 828 шақырым электр желісінде және 16 қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы кестеге сәйкес, 7 энергоблокта, 34 қазандықта және 24 турбинада жөндеу жүргізілді, — деді Р. Скляр.

Қазан айында 1 энергоблокта, 25 қазандықта және 13 турбинада жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр. Жылу және электр желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталды.

— Орал қаласында жылу желілерін жөндеу аяқталды. Аягөзде жылыту маусымы 29 қыркүйекте басталды, ондағы 2 резервтік қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталуда. Сәтпаевта жылыту маусымы 3 қазанда басталды. Бірінші және төртінші қазандықтардағы жұмыстар аяқталып қалды. Жалпы жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, — деді бірінші орынбасар.

Айта кетейік, Петропавлда кей үйлерге жылу беру кешіктіріліп жатыр.

Бүгін Ақтауда жылу беру маусымы басталады.

Соңғы жаңалықтар