Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Саида Мирзиеевамен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиеевамен кездесті. Бұл туралы Daryo.uz жазды.

Саида Мирзиеева
Фото: Саида Мирзиеева/Telegram

Кездесуде елдер арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. 

Саида Мирзиеева
Фото: Саида Мирзиеева/Telegram

– Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты талқылай отырып, біз алдағы бірлескен іс-шараларды, соның ішінде Әлішер Науаи атындағы театрдың Астана мен Алматы қалаларына шығармашылық гастрольдік сапарлары, ҚР Ұлттық музейі мен Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайындағы көрмелер, сондай-ақ Түркістанда жастар форумын ұйымдастыру туралы пікір алмастық, – деп жазды Президент көмекшісі Telegram парақшасында.

Саида Мирзиеева
Фото: Саида Мирзиеева/Telegram

Өзбекстан мен Қазақстан басшыларының назары мен қолдауының арқасында бұл шаралардың жоғары деңгейде өтуі бауырлас халықтар арасында қалыптасқан достықты одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірілді, делінген хабарда.

Айта кетейік, өткен жыл тамыз айында Астанада Әлішер Науаи ескерткіші салтанатты түрде ашылған болатын. Іс-шараға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қатысты.

Сондай-ақ биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы Өзбекстанда кең ауқымда аталып өтпек.

Соңғы жаңалықтар