Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.
None
None

Қарағанды облысында сағат 20.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) «Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы» (970 -1135 км), «Алматы-Екатеринбург» тас жолының бөлігінде (641-1007 км) жүк және жолаушы автокөліктерінің қозғалысы тоқтатылды. Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) «Қызылорда-Павлодар» а/ж (1135-1205 км) Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралығында жүк және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды. Ақтөбе облысында қар жауып, көктайғақ болуына байланысты «Ақтөбе-Солтүстік айналым» тас жолының бөлігі (0-39 км) барлық көлік түрлері үшін жабылды. Қостанай облысында «Жезқазған-Петропавл» жолында (252-340 км) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Соңғы жаңалықтар