Kazinform халықаралық ақпарат агенттігіне 105 жыл

АСТАНА. KAZINFORM — Мерейтой қарсаңында арнайы әзірленген «Kazinform. Біздің тарихымыз» атты деректі фильм таныстырылып, «Kazinform: шынайы хроника» кітабының тұсауы кесілді. Әрі, агенттіктің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды.

От хроники до цифрового века: Kazinform отмечает 105-летие
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бір ғасырдан астам тарихы бар Kazinform бүгінде сенімді ақпарат дереккөзіне айналды. Агенттік қоғамдық пікірді қалыптастырып, ел мен әлем жаңалықтарын шынайы жеткізеді. Ардагер Жарылқап Бейсенбайұлының сөзінше, бұл датаны қазақ ақпарат кеңістігінің 105 жылдығы деп те атауға болады.

— Сонау 20-жылдардан бастап, осы қазақ ақпарат кеңістігінде алар орны ерекше. Еліміздің ақпарат кеңістігіндегі ірі-ірі тұлғаларды тәрбиеледі. Себебі осы уақыт аралығында талай дүлдүлдің талабын ашты, қанатын қатайтты, — дейді ол.

Осы тізімде Қасым Шәріпов, Жүсіп Алтайбаев, Кеңес Үсебаев, Кәкімжан Қазыбаев сынды сала саңлақтарын ерекше атауға болады. Әрі, бұл азаматтар туралы естеліктер бүгін тұсауы кесілген «Kazinform: шынайы хроника» кітабында да жазылған. Жоба жетекшісі Владимир Курятов бұл кітап — кейінгі жас буынға көмек құралы ретінде шығарылғанын атап өтті.

От хроники до цифрового века: Kazinform отмечает 105-летие
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Біз бірінші кезекте ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибемізбен бөліскіміз келді. Сондықтан, өткен тарихпен бірге, қазіргі жаһандану заманында агенттік немен айналысып жатқаны туралы жаздық. Сондай-ақ, вирустық контент, терең талдау мен әділ журналистік зерттеу дайындау үшін қандай тәсілдер қажет екендігін де қостық, — деді Kazinform ХАА атқарушы директорының орынбасары.

«Kazinform: шынайы хроника». Бұл кітапқа 105 жылдық тарих пен ескірмейтін естеліктер енгізілген. Туындының әр парағында тым терең мың мағына бар. Агенттіктің кешесі мен бүгіні толық қамтылған. Сондай-ақ, жаңалықтар әзірлеу ұстаханасының кәсіби құпияларын да көруге болады.

Сондай-ақ, шара барысында «Kazinform. Біздің тарихымыз» атты деректі фильм келушілер назарына ұсынылды. Фильмді бастан аяқ әзірлеуге үш ай уақыт кеткен. Туындыда «ҚазРОСТ»-тан бастап «ҚазАқпаратқа» дейінгі тарих суреттелді.

— Бүгінгі дата — үлкен атаулы дата. Бұл үлкен жетістік, үлкен жауапкершілік. Өйткені әрі қарай Kazinform дамиды, әрі қарай қалай жұмысты жалғастырады. Қалай ол ақпаратты өңдеп, елімізде болып жатқан жағдайдың бәрін әлемде, Орталық Азияда болып жатқан бүкіл ақпаратты уақытысында шығарып, оны өзінің архивінде сақтау өте үлкен жауапкершілік, — дейді Президент ТРК директорының орынбасары Асқар Жалдинов.

От хроники до цифрового века: Kazinform отмечает 105-летие
Фото: Ақорда
От хроники до цифрового века: Kazinform отмечает 105-летие
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
От хроники до цифрового века: Kazinform отмечает 105-летие
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, халықаралық ақпарат агенттігінің дамуына үлес қосқан азаматтарға Президент атынан алғыс хаттар табысталды.

От хроники до цифрового века: Kazinform отмечает 105-летие
Фото: Ақорда

Айта кетейік, бүгінде Kazinform редакциясында 100-ден астам тілші бар. 6 редакция тәулік бойы өзекті тақырыптарды қаузап, ақпарат таратады. Әлемнің 11 нүктесінде меншікті тілшілері де бар әрі 50-ге жақын елмен әріптестік келісім жасаған.

Соңғы жаңалықтар