Зұлқарнай Ермұратұлы

2012-2013 жылдары «ИРБИС» телеарнасында диктор, 2013-2014 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар облыстық филиалы «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында, тілші, 2014 жылдан бастап «Успен аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып қызмет атқарды. Успен аудандық мәдениет үйінде әдіскер болды. «Көркем сөз» балалар шығармашылық үйірмесінің жетекшісі. 2018-2023 жылдары «ERTIS» телеарнасында диктор болып қызмет атқарады. Сонымен қатар «ЕЛАРНА» телеарнасында қосымша жұмыс істейді. Сондай-ақ «31 канал» «ИнформБюро» жаңалықтар қызметінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі. 2021-2023 жылдары Павлодар педагогикалық университеті баспасөз қызметінің басшысы болып еңбек етті. 2023 жылдың қазан айынан бері ҚР Президенті телерадио кешені "JibekJoly/Silk Way" телеарнасында тілші болып еңбек етеді.
Соңғы жаңалықтар