Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті Қазақстанда өтеді
АCТАНА. KAZINFORM – Бұл форматтағы төрағалық енді Қазақстан тарапына өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Жапония Премьер-министрі келесі саммиті Қазақстанда өткізуге келісті.
Айта кетейік, 17 желтоқсан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.
Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Ал 18 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Император Нарухитоның атынан ресми қабылдау өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.
Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрінің атынан Орталық Азия елдері басшыларының құрметіне арналған ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака мемлекеттік сарайына барған болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі.