Қысқы Азия ойындары: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан үшінші ойында жеңіске жетті

ХАРБИН.KAZINFORM – Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының қыздар арасындағы шайбалы хоккейден топтық кезеңі жалғасын тауып жатыр.

Қысқы Азия ойындары: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан үшінші ойында жеңіске жетті
Фото: Сали Сабиров

В тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші матчында Қытайлық Тайбэй құрамасымен өзара мықтыны анықтады.

Бірінші кезеңде, Тайбэй командасы алдымен есеп ашты. Алайда, қазақстандық шабуылшы Лариса Свиридова араға көп уақыт салмай есепті теңестірді.

Екінші кезеңде, қазақстандық қыздар қарсылас қақпасына 4 шайба салды. Надежда Филимонова, Юлия Буторина, Малика Алдабергенова және Анастасия Оразбаева мергендігімен көзге түсті.

Қорытындысында, Қазақстан құрамасы 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазіргі кезде Қазақстан қыздар құрамасы 3 матчтың барлығында жеңіске жетіп, В тобында бірінші орында тұр.

9 ақпан күні, Қазақстандық қыздар топтық кезеңнің соңғы матчында Кореяға қарсы ойнайды.

Еске салсақ, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойында Гонконгты 12:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал екінші ойында Таиланд құрамасына 9 шайба соқты.

Соңғы жаңалықтар