Қысқы универсиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Канадамен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы Қысқы универсиадаға шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы үшінші ойынын Канадаға қарсы өткізеді.

Қысқы универсиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Канадамен кездеседі
Фото: icehockey.kz

Студенттік ойындар 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында болады.

Қазақстан ерлер құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.

Бүгінгі кездесу қазақстандық уақытпен 00:00-ге белгіленген.

Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның екеуінде Қазақстан жеңсе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Ерлер құрамасы бұған дейін Швециядан 9:2, Оңтүстік Кореядан 7:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ олар 17 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, 15 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы (ерлер, әйелдер), парашаңғы жарысы фристайл жұптық-могул және шайбалы хоккейден сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар