Қытай төмен орбиталы интернет-спутниктерінің жаңа тобын ғарышқа ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың бортына интернет-спутниктер тобын тиеген «Чанчжэн-12» («Ұлы жорық-12») зымыран-тасығышы дүйсенбі күні Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында орналасқан коммерциялық ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытай, зымыран
Фото: Синьхуа

Зымыран Бейжің уақытымен сағат 15:48-де көкке көтерілді. Ғарыш аппараты төмен орбиталы интернет-спутниктердің 19-тобын жоспарланған орбитаға сәтті шығарды.

Қытай, зымыран
Фото: Синьхуа

Еске сала кетсек, Қытай 15 қаңтар күні 2026 жылғы ғарыштық миссиясын жерді қашықтан бақылау спутнигін ұшырумен бастағанын жаздық.

Ол кезде елдің солтүстігіндегі Шаньси провинциясында орналасқан Тайюань ғарыш айлағынан жерді қашықтан бақылауға арналған «Яогань-50 01» спутнигі ғарышқа ұшырылған еді. 

Ал 13 қаңтар күні Қытайдың CAS Space коммерциялық аэроғарыш компаниясы суборбиталды «Лихун-1 Y1» аппаратының сынақ режиміндегі ұшырылымын сәтті орындады.

Соңғы жаңалықтар