Қытайда магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM – Қытай аумағында 28 қазан күні кешке магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 20:40-та (Гринвич уақыты бойынша 15:40-та) болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 44,39 градусы мен шығыс бойлықтың 82,60 градусы аралығында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы – 5,1, энергетикалық класы – 11,9.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.
Ал Қытайдың Тибет аймағында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты.
Сондай-ақ 24 өазан күні Тынық мұхитында магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелді.