Қызылорда облысында 15 млн балық шабағы құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысындағы 164 көл мен Кіші Арал теңізі толығымен конкурстық негізде 5-49 жыл аралығындағы мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

шабақ
Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының дерегінше, биыл 11 айда су айдындарынан 4 800 тонна балық ауланды. Оның 93%-ы Кіші Арал теңізіне тиесілі. 

- 2028,7 тонна балық өнімдері 8 шет елге экспортталды. 11 балық өңдеу зауытының 4-і Еуропалық одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығына ие. 2025 жылы көл-тауарлы балық шаруашылықтары балық өсіру көлемін 1,5 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр, - делінген хабарламада. 

Бүгінде өңірде 80 көл-тауарлы балық шаруашылығы бар. 2025 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстың 30%-ын субсидиялауға 10,1 млн теңге бөлінген.

- Күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Соған сәйкес тамыз, қыркүйек, қазан айларында жұмысшы топтар құрылып, қарқынды жұмыс атқарды. Нәтижесінде 15 млн балық шабағы құтқарылды, - делінген басқарманың ресми хабарламасында.

Еске салайық, 2021 жылдан бер елдегі балық өсіретін шаруашылық саны 650-ге жеткен.

Соңғы жаңалықтар