Қызылорда облысында елімізде алғашқылар қатарында «Жайлы мектеп» ашылды

  ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында өткен жылдан бері облыста 1 мың 720 орындық 6 мектеп ел игілігіне табысталса, 4 мектепке 1 мың 850 орындық қосымша ғимарат салынды.

жайлы мектеп
Фото: Қызылорда обл әкімдігі

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде айтты

«Жаңадан 3 мектеп, 5 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елімізде алғашқылардың бірі болып 900 оқушыға арналған білім ордасы облыс орталығындағы жаңа шағын ауданда оқушыларға есігін ашты», - деді Н.Нәлібаев.

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда. Оған қоса биыл «Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2,5 млрд теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілді. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4,8 млрд. теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Нысан 2025 жылы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар