Қызылорда облысында теміржол өткеліндегі кептеліс мәселесі қалай шешіліп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының бас шаһары мен барлық аудан орталықтары бір теміржолдың бойында орналасқан.

Жәнібек Сыздықов
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аудандар теміржолдың екі жағына шоғырланып, көлік қозғалысы теміржол өткелдері арқылы ұйымдастырылады. Ал бұл күннің қарбалас сәттерінде көлік қозғалысын шектейді. Теміржол өткелінде кептеліс пайда болады.

— Мәселені шешу мақсатында мамыр айында Арал қаласында құны 3 млрд
140 млн теңге, ұзындығы 940 метр аспалы көпір ел игілігіне табысталды. Шілде айында 1 млрд 400 млн теңгеге Жаңақорған кентіндегі теміржол үстінен өтетін көпір пайдалануға берілді. Түрғындар мұны ұзақ жыл күткен болатын. Ал қазіргі күні Қызылорда қаласында
4 млрд 700 млн теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржоласты автожолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, — деді басқарма басшысы Жәнібек Сыздықов.

Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі теміржолүсті көпірінің құрылысы келесі жылы басталады. Оның құны — 5 млрд 500 млн теңге.

Бұған дейін Астана қаласының көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында қаланы айналып өтетін теміржол салынатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар