Қызылордада аудан халқы өз әкімін сайлайды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — 28 қыркүйек күні Қызылорда облысының Қазалы ауданында әкім сайлауы өтеді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Сайлау әкімнің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтауына байланысты өтпек.
— Жергілікті халық аудан әкімін тікелей сайлау арқылы таңдап, дауыс береді. Президент тапсырмасына сәйкес осы кезге дейін пилоттық негізде Сырдария және Шиелі аудандарының әкімі сайланды. Сайлауды әзірлеу мен өткізуге арналған күнтізбелік жоспар бекітілді. 12 тамыздан бастап кандидаттардан ұсыну құжаттары қабылданады, — делінген хабарламада.
Пилоттық сайлауды есепке алмағанда бұл — Қызылорда облысында өткелі тұрған алғашқы аудан әкімінің сайлауы. Жаңадан таңдалған аудан басшысы 4 жыл мерзімге сайланады.
Айта кетейік, Қазалы ауданын бұған дейін басқарған Шермағанбет Мейрамбек жуырда облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.