Қызылордада бүгін жылу беру маусымы басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласы әкімінің 2025 жылғы 7 қазандағы шешіміне және бекітілген кестеге сәйкес облыс орталығында тұтынушыларға жылу энергиясын беру жұмыстары басталды. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылордада бүгін жылу беру маусымы басталды
Фото: Kazinform

Мамандар жылу беру маусымына дайындық жұмысы жоспарға сәйкес жүргізілгенін атап өтті. 

– Бүгінге күнге орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй мен 1079 әлеуметтік нысан (544 білім, 247 денсаулық, 288 мәдениет және спорт нысаны) толығымен жылуға қосылуға дайын. Жылу желілерін жаңғырту бойынша Қызылорда қаласында 6 жоба іске асырылды. Жоба бойынша 81 мыңнан астам қала тұрғыны жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі, - делінген хабарламада. 

Басқарма өкілдері тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылуға қосу жұмысы кезекпен жүзеге асырылатынын жеткізді. 

Бұған дейін біз Ақтауда да жылу беру маусымы 7 қазаннан басталатынын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар