Қызылордада электр таратушы компания 4 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тұтынушының өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіп, қоғамдық маңызы бар нарық саласында заңнама талабының бұзылғанын анықтады.  

Қызылордада электр таратушы компания 4 млн-ға жуық теңге айыппұл төледі
Фото: Kazinform

Тұтынушы Қызылорда электр тарату тораптары компаниясына сараланған тарифті қолдану туралы өтінішпен жүгінбеген. 

— Субъект соған қарамастан 2025 жылдың қаңтар және наурыз айларында тұтынушымен сараланған тариф бойынша есептескен. Нәтижесінде 2430,2 теңге артық төлем алып, баға белгілеу тәртібін бұзған. Аталған факт бойынша әкімшілік іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 167-бабына сәйкес қысқартылған тәртіппен қаралып, компанияға 3 млн 932 мың теңге айыппұл салынды, — делінген хабарламада.

Электр таратушы кәсіпорын әкімшілік айыппұлды мемлекеттік бюджет есебіне өндірді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевпен кездескен елордалық кәсіпкерлердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндіретін кәсіпорындар үшін электр энергиясына сараланған тариф енгізуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар