Қызылордада Ұлттық құрылтай басталды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Бүгін Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай бастау алды.
Екі күнге жалғасатын келелі жиынның алғашқы күнінде төрт панельдік секция бойынша отырыстар өтеді.
Әлеуметтік-мәдени даму секциясын Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Білім-ғылым секциясын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тізгіндеді.

Күннің екінші жартысында азаматтық қоғам және экономикалық даму жайы қамтылмақ.
Құрылтайда ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелер талқыға түседі.

Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері осы күні облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралайды.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтай қарсаңында қазақ мемлекеттігінің қалыптасу кезеңдерінде маңызды шешімдер қабылданған құрылтайлар тарихына тоқталған едік.
Бұдан бөлек Президент Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтай отырысында еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салатынын жазғанбыз.