Қызылордадағы 6 мектепке адам тәрізді роботтар алынды

 ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Бүгінгі күні Қызылорда облысындағы 35 мектепте 61 дрон бар. 

Қызылордадағы 6 мектепке адам тәрізді роботтар алынды
Фото: Қызылорда облыстық білім басқармасы

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, министрліктіктің елдегі 110 мектепте оқушыларды дронды басқаруға үйрету туралы тапсырмасына сәйкес тағы 20 мектепке дрон сатып алынады. 

Қызылордадағы 6 мектепке адам тәрізді роботтар алынды
Фото: Қызылорда облыстық білім басқармасы

- Білім беру саласын цифрландыру және интерактивті технологияларды оқу процесіне енгізу бағытында жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінде 6 IT мектеп-лицейге жасанды интеллект элементтерін тереңірек меңгерту үшін адам тәрізді роботтар алынды. Өткен жылы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 64 білім беру ұйымының бейнебақылау жүйесі талапқа сәйкестендірілді, - деді басқарма басшысы Асқарбек Есжанов. 

Қызылордадағы 6 мектепке адам тәрізді роботтар алынды
Фото: Қызылорда облыстық білім басқармасы

Аймақтағы білім ошақтарына 484 интерактивті панель алынып, 14 мектеп ЛЕД-экрандармен жабдықталды. Бастауыш сынып оқушылары мен ерекше қажеттілігі бар балалар үшін
17 интерактивті логопедті құрылғы орнатылды.

Бұған дейін біз биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 112 мектеп пайдалануға берілетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар