Конференция лигасы: бүгін ширек финал ойындары өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы 1/4 финалының қарымта ойындары өтеді.

UEFA.com
Фото: UEFA.com

Жарыстың бұл кезеңінде «Страсбург», «АЗ Алкмаар», «Райо Вальекано», «Шахтер», «АЕК Афины», «Фиорентина», «Майнц», «Кристалл Пэлас» командалары сынға түсіп жатыр.

16 сәуір

1/4 финал

«АЕК Афины» (Грекия) - «Райо Вальекано» (Испания) (бірінші ойын 0:3)

«Страсбур» (Франция) - «Майнц» (Германия) (0:2)

«Фиорентина» (Италия) - «Кристалл Пэлас» (Англия) (0:3)

«АЗ Алкмаар» (Нидерланд) - «Шахтёр» (Украина) (0:3).

Бұл ойындар арасынан «АЗ Алкмаар» - «Шахтёр» кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Финал 27 мамырда Германияның Лейпциг қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өткізіледі.

Конференция лигасы 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Рома» (Италия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Челси» (Англия) командалары жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ бүгін UEFA Еуропа лигасы ¼ финалының алғашқы алғашқы ойындары өтеді.

Жарыстың бұл сатысында «Астон Вилла» (Англия) мен «Болонья» (Италия), «Ноттингем Форест» (Англия) пен «Порту» (Португалия), «Сельта» (Испания) мен «Фрайбург», «Бетис» пен «Брага» кездеседі.

Соңғы жаңалықтар