Қор нарығында доллар тағы арзандап, 501 теңге болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,94 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 501,31 теңге.

Ұлттық банктің 12 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 506,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 522,43.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 506 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 502 теңге. Еуро 520 — 525 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 507 теңге, сатып алу құны — 501 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 519 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,24 - 5,35 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар