Көшпенділер ойындары: Ақтөбелік полицейлер түрік саяхатшыларын Қостанайға шығарып салды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбелік полиция қызметкерлері Түркияның Анкара қаласынан еліміздің Астанасында өтетін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келе жатқан саяхатшыларды Қостанай облысының территориясына дейін шығарып салды. Түрік саяхатшылар Ақтөбе облысының аумағына кеше келіп, жол бойы бірнеше ауданға аялдады.

в Астане раскинется масштабный этноаул «Көшпенділер Әлемі»
Фото: акимат Астаны

Түркия елінің саяхатшылары кеше Байғанин, Темір аудандарына аялдап, бүгін Ақтөбе қаласында ұлттық дәмнен дәм татты. Олардың қауіпсіздігі үшін полиция ілесіп жүрді. 

- Бүгін Ақтөбе қаласының патрульдік полиция қызметкерлері ұзақ уақыттан бері көлік рулінде келе жатқан түркиялық саяхатшыдарды трассада күтіп алып, жүргізуші мен жолаушылардың жай-күйін білді. Саяхатшылар алыс сапарының қауіпсіз және сәтті болып жатқанын, жақсы көңіл-күйде екенін жеткізді. Бурактың зайыбы мен кішкентай қызы да құқық қорғаушылармен жылы шырайлы жүздесті. Тәртіп сақшылары шетелдік саяхатшыларға сәт сапар тілеп, Қостанай облысының шекарасына дейін шығарып салды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев түрік саяхатшы-блогерлері Бурак Дуран және жұбайы Идил Дуран және түрік журналисі Энес Илдыриммен кездесті